• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.11.2025
  • 29

СОТ ПРОЦЕСІ ҮЛГІСІНДЕ ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ

«Құқықтану» мамандығының З-9-13 оқу тобына «Білікті заң қорытындылары мен кеңестер беру» пәнінен арнайы пән оқытушысы Кемелбеков М.Е. «Сот жарыссөзіндегі адвокаттың қорғау сөзі» тақырыбында сот процесінің үлгісімен ұйымдастырылған ашық сабақ өткізді.
Сабақ сот процесінің құрылымына сай өткізіліп, теория мен тәжірибе тиімді ұштастырылды. Ашық сабақ екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде студенттер өзін-өзі басқару әдісі арқылы үй тапсырмасын орындап, білімдерін бекітсе, екінші бөлімде жаңа тақырып бойынша талдау жүргізіліп, адвокаттың соттағы кәсіби рөлі мен қорғау сөзі жан-жақты қарастырылды.
Сабақ барысында студенттер адвокаттың құқықтық өндіріске қатысу әдістері мен тәсілдерін, заң құралдарын қолдану қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, кәсіби өкіл ретінде процессуалдық әрекеттерді орындау, заңдық көмек көрсету, құқықтық актілер мен құжаттарды рәсімдеу бойынша білімдерін шыңдады.
Тәрбиелік бағытта студенттер кәсіби жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің маңызын түсініп, сот процесінде әділдік пен адам құқықтарын қорғаудың құндылығын сезінді. Сабақта интербелсенді тақта қолданылып, ролдік ойындар, бейнематериалдар және ситуациялық тапсырмалар орындалды. Бұл әдістер студенттердің құқықтық ойлауын, талдау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша адвокаттар алқасының мүшесі Айтмаханқызы Сәуле қатысып, сабақты жоғары бағалады. Сарапшылардың пікірінше, сабақ құрылымы талапқа сай ұйымдастырылған, оқытушының баяндауы түсінікті әрі мазмұнды болды, студенттер белсенділік танытып, соттағы адвокаттың қорғау сөзін жан-жақты талдады.
Сабақтың қорытындысында студенттер адвокаттық қызметтің жауапкершілігі мен мәдениетін түсініп, кәсіби бағыттағы білімдерін бекітті. Өз міндетін орындау үшін адвокаттың сөзі дәйекті, мазмұнды әрі нанымды болуы тиіс екені, ал адвокаттың өзі заңды жетік білумен қатар, жоғары мәдениет иесі болуы қажет екендігі ерекше атап өтілді.