WELCOME TO ABAI WORLD
12 қараша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде қала мектептері арасында «Welcome to Abai World» тақырыбында ағылшын тілінде Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқудан байқау өтті.
Байқау ұлы ақын шығармашылығын насихаттап, жастардың ағылшын тіліне қызығушылығын, тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Байқауға:
Исахан А.Ғ. – Қызылорда көпсалалы колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Оралбаева Г.С. – Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Ускинбаева Р.А. – Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің оқытушысы қазылық етті.
Қатысушылар Абайдың шығармаларын ағылшын тілінде әсерлі және көркем түрде орындап, өздерінің тіл шеберліктерін көрсетті.
Жеңімпаздар:
I орын – Мейрамбек Мерей (№222 мектеп, жетекшісі Матенова Г.);
II орын – Несіпбай Каусар (№5 лицей, жетекшісі Мусабаева Г.);
II орын – Сағидулла Анель (№136 лицей, жетекшісі Әжмұратова Н.);
III орын – Байназарова Самал (№222 мектеп, жетекшісі Төленді А.);
III орын – Ерпейсова Инабат (№136 лицей, жетекшісі Әбілдаева Н.)
Арнайы номинациялар:
Best Use of Voice and Tone – Ізбасар Талшын
Most Expressive Recitation – Елдосқызы Жаннұр
Audience Favourite – Қойшығұл Ақниет
Best Pronunciation and Clarity – Берікқызы Бибігүл
Барлық қатысушыларға дипломдар мен номинациялар табысталды.
Байқау жастардың тілдік мәдениетін, Абай мұрасына құрметін және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Казиева А.Н., Ускинбаева Р.А.
