ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Колледжімізде өтіп жатқан «Адал азамат. Кәсіби маман. Абай ізімен» тақырыбындағы іс-шаралар апталығы жалғасын тауып, «Теңге және қаржылық сауаттылық» атты интеллектуалды сайысымен жалғасын тапты.
Шара студенттердің қаржылық сауаттылықтарын арттырып, ұлттық валюта – теңгеге құрмет сезімін қалыптастырып, үнемшілдікке, дұрыс қаржылық шешім қабылдауға және жеке бюджет жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сайысқа:
ҚТ-9-15г;
Т-9-15г;
ББ-9-15г топтары белсене қатысты.
Студенттер сайыс барысында өздерінің қаржы, экономика және бюджет жоспарлау саласындағы білімдерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар
«Қаржы шебері»
«Экономикалық ойшыл»
«Қаржылық сауаттылық көшбасшысы» номинациялары бойынша марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қаржы мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік с
