«THE WORLD OF ENGLISH WRITERS» АТТЫ ТОПТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
«Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар» бөлімінің апталығы аясында ағылшын тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «The World of English Writers» тақырыбында 1-курс студенттері арасында топтық сайыс өтті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
Команданың таныстыруы
Сұрақ-жауап бөлімі
Жазушы еңбектерінен қойылым көрсету
Әр кезеңде студенттер ағылшын жазушыларының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, өздерінің білімін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде белсенділігімен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленген топтар келесідей жүлделі орындарға ие болды:
I орын – ШТ-9-15г тобы (кинотеатрға жолдама);
II орын – БҚ-9-15г тобы (боулингке жолдама);
III орын – ҚТ-9-15г тобы (мұз айдынына жолдама).
Іс-шара студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс пен шығармашылық белсенділіктерін дамытуға ықпал етті.
