БИЗНЕС – МОДЕЛЬ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ САБАҒЫ
ТӨ-9-12Г оқу тобында «Адал азамат. Кәсіби маман. Абайдың ізімен» апталығы аясында «Бизнес – модель және жоспарлау» атты ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттерге бизнес – модель ұғымы, оның бизнес – жоспармен байланысы, бизнес жоспардың құрылымы мен жоспарлау кезеңдері түсіндірілді. Студенттердің талдау, жоспарлау, шешім қабылдау, командамен жұмыс істеу және шығармашылық ойлау дағдылары дамытылды.
Сабақта «Канва моделі», «Картошка фри», «Банкомат», «$ жинау», «Анти-жалқаулық», «Көңіл-күй фишка» әдістері қолданылып, студенттердің белсенділігін арттыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға және коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сабақ мазмұны қаржылық есеп және ұйым экономикасы пәндерімен тығыз байланысты болды. Студенттер бизнес – модель мен жоспардың негізгі элементтерін меңгеріп, өз идеялары бойынша шағын бизнес – модельдер мен жоспарлар құрастырып, оларды талқылады.
Сабақ нәтижесінде студенттер іскерлік дағдыларды, жауапкершілікті және мақсатқа жету қабілетін дамытты. Олар өз жобаларын нақты құрылымда ұсына отырып, практикалық тәжірибе алды.
Пән оқытушысы: Қошқарова Б
