МАТЕМАТИКАДАН «SIGMA CUP» ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
«Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар» бөлімінде «Адал азамат. Кәсіби маман. Абайдың ізімен» атты апталық аясында облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығымен бірлесе отырып, қала мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында «Sigma cup» математикалық олимпиадасы ұйымдастырылды.
Білім сайысына №267, №112, №1, №136, №5, №278, №4, №144 және №228 мектептерінен 15 оқушы қатысты. Қатысушыларға үш есеп беріліп, оларды шешуге 2 сағат уақыт белгіленді.
Нәтижесінде жоғары нәтиже көрсеткен №144 мектептің оқушысы Өмірғали Нұрдәулет (жетекшісі — Батырбек Ажар) I ОРЫН иеленді.
II орын иегерлері:
№1 мектеп оқушысы Шынтемір Айбибі (жетекшісі — Джумабаева Анар);
№4 мектеп оқушысы Жұмабек Бибарыс (жетекшісі — Сарсенбаева Салтанат).
III орын иегерлері:
№136 мектеп оқушысы Жайлаубек Нұрбек (жетекшісі — Құттымұрат Динара);
№144 мектеп оқушысы Серік Ұлжан (жетекшісі — Байниязова Ләззат);
№228 мектеп оқушысы Алматқызы Сұлушаш (жетекшісі — Мажкенов Ғани).
Сайыс қорытындысында қатысушыларға сертификаттар, ал жүлдегерлерге дипломдар мен төсбелгілер табысталды.
Ұйымдастырушылар: Беген Даулетбек, Тоқатова Жанат, Бегалиев Мұратбе
