«АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН — АБАЙ ІЗІМЕН» АТТЫ АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің "Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар" бөлімінде 10–14 қараша аралығында өтетін «Адал азамат, кәсіби маман — Абай ізімен» атты апталық бастау алды.
Апталық барысында студенттердің ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани-адамгершілік мұрасымен танысып, оны өмірде қолдануға үйрету бағытталуда. Сонымен қатар, іс-шаралар аясында кәсіби мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, адалдық пен еңбекқорлықты, ұлтжандылық қасиеттерді дамытуға назар аударылған.
Педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндер шығармашылықпен ұштастырылып, білім мен руханият бірлігі дәріптелуде. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау және этномәдени тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.
Апталықтың ашылуында студенттер мен оқытушыларды ұлттық құндылықтарға бағытталған ойындар мен сұрақ-жауап сәттері күтіп тұрды. Дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталып, ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Апталық аясында студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында пәндер бойынша ойындар, эксперименттер, сұрақ-жауап және шығармашылық сайыстар ұйымдастырылған.
