«ДОСБОЛLIKE» АЯСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС: ҚОЛДАУ – КҮШТІНІҢ ТАҢДАУЫ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында буллингтің алдын алу мақсатында «Қорлау әлсіздің әрекеті, қолдау күштінің таңдауы» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс БП. «Буллингтің алдын алуда ата-ананың рөлі маңызды» деген қарар аясында өтті. Ойынға студенттік парламент президенті Құралбекқызы Маржан төрелік етті.
Дебат барысында екі фракция өз көзқарастарын дәлелдеп, өзекті мәселелерді талқылады.
Үкімет тарапы буллингтің басты себебі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі, ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі деп есептеді.
Оппозиция тарапы керісінше, буллингтің туындауына қоғамдағы көзқарас, жасөспірімнің ортасы және әлеуметтік бейімделу әсер етеді деген пікірді ұстанды.
Ойын қорытындысында парламентарлар (көрермендер) буллингтің алдын алу үшін отбасы тәрбиесі, қоғам және жастардың бірлескен қолдауының маңызы зор деген ортақ пікірге келді.
Ұйымдастырушы - Студенттік Парламент жетекшісі Омарова Перизат
