• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.11.2025
  • 6

INNOFEST QYZYLORDA 2025: КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАС ИННОВАТОРЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ

Қызылорда қаласында өткен «INNOFEST QYZYLORDA 2025» облыстық инновациялық жобалар фестивалі өңірдің креативті ойлы, ізденімпаз жастары мен өнертапқыштарын бір алаңға тоғыстырды.
Фестивальге Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің РОБ-9-14Г оқу тобының студенттері — Ерқасым Абдрахманов, Жұмасейтов Асланбек, Жұмабек Арнұр, Жарқынұлы Диас, Танабай Шындаулет қатысып, өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Жетекшісі – арнайы пән оқытушысы Бухарбаева Айулу Баходиркизи.
Жас инноваторлар ұсынған жобалар заманауи технологияларды тиімді қолдану, цифрлық шешімдер арқылы қоғам игілігіне үлес қосу идеяларымен ерекшеленді. Іс-шара соңында студенттерге белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Фестивальді Қызылорда облысы әкімінің аппараты мен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастырды. Биылғы жылы инновациялық идеялар алаңы өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті.