АЙ МЕН АЙША: ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі ҚТ-9-13г оқу тобының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.
Шара барысында оқырмандар жазушының балалық шағын, анаға деген шексіз сағынышын, туған жерге деген махаббатын терең бейнелеген туындыны талқылап, өзара пікір алмасты. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдері, жесір ананың тағдыры мен жетім баланың өмір жолы арқылы суреттелген адамдық қадір-қасиет, мейірім мен рухтың беріктігі кеңінен сөз болды.
Іс-шара соңында «Қарымды қаламгер, қайраткер тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби мұралар таныстырылды.
