• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.11.2025
  • 9

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» КҮЗГІ БАЛ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алтын күздің ерекше салтанаты мен жылылығы сезілетін шақта Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Алтын күз – 2025» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Бұл кеш студенттердің шығармашылығын, эстетикалық талғамын, сахна мәдениетін және ұйымшылдығын айқындайтын әсерлі сәт болды. Күзгі бал төрт кезеңнен тұрды:
 I кезең – «Autumn Art Fest – 2025» – қатысушылар бейнеролик арқылы өздерін таныстырып, шығармашылық қырларын көрсетті;
 II кезең – «Күзгі vibe» – студенттер өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады;
 III кезең – «Moment of Magic» – сәнді дефиле барысында қатысушылар күздің сәні мен сұлулығын бейнеледі;
 IV кезең – «Sweet Autumn» – өз қолдарымен дайындалған тағамдар мен композициялар ерекше көрмеге айналды.
Байқауға 5 жұп қатысып, әділқазылар шешімімен төмендегідей нәтиже көрсетті:
 БАС ЖҮЛДЕ – Асқарұлы Нұртөре (ДШ-9-15Г) мен Төлеген Айзере (Т-9-15Г)
 “Күз Ханшайымы мен Ханзадасы” атанды.
 I орын – Ахметғали Рамазан (АҚ-9-35Г), Бақытбек Ақзере (ББ-9-15Г)
 II орын – Кенбилов Нұрсұлтан (АК-9-15Г), Кеңес Аяжан (КД-9-15Г)
 III орын – Әмірбек Елжан, Мейрамбек Инабат (БҚ-9-15Г), Лепес Расул мен Тұрлыбаева Ақжан (ГЖ-9-15Г, ЕТ-9-15Г) марапатталды.
Бүгінгі күн студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнер мен шығармашылықтың тоғысқан нағыз күзгі шуағына айналды.