АВТОКӨЛІКТІҢ ІШТЕН ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ МЕН ІЛІСУ ҚОРАБЫН (КПП) БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің техникалық және жаратылыстану бағыты бойынша оқу-өндірістік орталығында (ТЖО) тәжірибелік сабақтар жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Осыған орай, АК-9-54Г тобының студенттері кәсіби тәжірибе барысында автокөліктің іштен жану қозғалтқышын және ілісу қорабын (коробка передач) бөлшектеу және қайта жинау бойынша практикалық жұмыстар орындады.
Тәжірибе барысында студенттер қозғалтқыштың және ілісу қорабының құрылымдық элементтерімен, олардың өзара байланысымен және жұмыс реттілігімен танысып, әрбір тетіктің қызметін тәжірибе жүзінде талдап үйренді.
Сабаққа жетекшілік еткен — Закиров Нурдаулет Бауыржанович, тәжірибелі оқытушы және өндірістік оқыту шебері. Ол студенттерге қозғалтқыш пен ілісу қорабын бөлшектеу және жинау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, дәлдік пен ұқыптылыққа мән беру қажеттігін ерекше атап өтті.
Бұндай тәжірибелік жұмыстар студенттердің кәсіби шеберлігін арттырып, болашақта өз мамандығы бойынша сенімді әрі білікті маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.
