СТУДЕНТТЕР ПІКІРСАЙЫС ӨТКІЗДІ
03 қараша күні Студенттік Парламенттің «Ақиқат шыңы» дебат клубының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы лудоманияны алдын алу шаралары» тақырыбында пікірсайыс сайысы өткізілді.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» дебат клубының төрағасы Махамбет Бегзатхан мен клуб мүшесі Асқар Алихан төрелік етті.
Пікірсайыс барысында қатысушылар жасөспірімдер арасында кең тараған лудоманияның қоғамға, отбасына және жеке тұлғаның дамуына тигізетін зиянын жан-жақты талқылады. Ойынға тәуелділік адамның болашағына балта шауып, өмір сапасын төмендететіні, сондай-ақ рухани және адами құндылықтардан айырып, қоғамнан оқшаулануға әкелетіні атап өтілді.
Шара соңында төрешілер әділ бағасын беріп, қатысушылардың белсенділігі мен ой-өрісін жоғары бағалап, алдағы уақытта сәттілік тіледі.
