• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.11.2025
  • 9

3-9-14 оқу тобында «Адам капиталы – басты құндылық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаты барысында студенттер адам капиталының қоғамдағы маңызы, білім мен еңбек мәдениетінің рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. «Қазіргі таңда саналы ұрпақ қалыптастыру үшін не қажет?», «Адам капиталының Қазақстандағы көрсеткіші қандай?», «Ең қажетті ресурс – адам капиталы» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Адам капиталын дамыту – мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, креативті қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады. Ел дамуының басты көрсеткіші сапалы білім мен рухани бай тұлға екені атап өтілді.
Тәрбие сағаты студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, білім мен еңбектің қоғам дамуындағы шешуші күш екенін ұғындыруға бағытталды.