"CISCO PACKET TRACER" АРҚЫЛЫ ВИРТУАЛДЫ ЖЕЛІЛЕРДІ БАПТАУ ТӘЖІРИБЕСІ
Ақ-9-14Г оқу тобында «Ақпаратты қорғау арқылы деректерді қалпына келтіру» пәнінен арнайы пән оқытушысы Қуанышбаева Лилия тәжірибелік сабақ жүргізді.
Сабақ барысында студенттер "Cisco Packet Tracer" бағдарламасында виртуалды желілер құрып, желілік құрылғылардың өзара байланысын модельдеді. Олар маршрутизатор мен коммутаторларды баптау, IP-адрестеу жүйесін орнату, желіні жобалау және деректерді беру процестерін талдау арқылы желі құрылымының логикасын тәжірибе жүзінде меңгерді.
Әр студент өз бетінше желілік топология жасап, құрылымдық сызбасын дайындап, пакеттердің қозғалысын бақылау және деректер алмасуын тексеру арқылы тәжірибелік нәтижесін көрсетті. Мұндай жұмыс олардың техникалық ойлауын, талдау қабілетін және инженерлік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл тәжірибелік сабақ студенттердің желілік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік және сервис көрсету бағыттарындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
Cisco Packet Tracer секілді заманауи желілік тренажерлар қазіргі цифрлық дәуірде тек инженерлік бағыттағы мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген IT саласының өкілі үшін маңызды құрал болып табылады.
Осындай тәжірибелік сабақтар Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі студенттерінің білім сапасын арттырып, ақпараттық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті маман болуға жол ашады.
