• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 31.10.2025
  • 4

«ЭЛЕКТРОНИКА» ПӘНІНЕН МАСТЕР-КЛАСС

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде РОБ-9-14Г оқу тобында «Электроника» пәнінен «ЭЛЕКТРОНИКА ӘЛЕМІНЕ ҚАДАМ: ARDUINO ЖӘНЕ ФОТОРЕЗИСТОРМЕН ТӘЖІРИБЕ» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Бухарбаева Айсұлу танымдық әрі тәжірибелік бағыттағы мастер-класс өтті.
Мастер-класс барысында студенттер электрониканың негізгі құралдарымен — осциллограф, микроскоп, мультиметр, диод, резистор, конденсатор, паяльник және макет тақшасы сияқты құрылғылармен танысып, олардың атқаратын қызметі мен жұмыс принциптерін меңгерді.
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар Arduino платформасы мен фоторезисторды пайдалана отырып, жарық деңгейіне сезімтал «ақылды жарық шамын» жасап шықты. Бұл жұмыс студенттерге электрондық жүйелердің логикасын түсінуге, теориялық білімді тәжірибеде қолдануға және шығармашылық тұрғыдан ойлауға мүмкіндік берді.
Мастер-класс студенттердің техникалық сауаттылығын арттыруға, логикалық және инженерлік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде игеруіне бағытталды.
🔹 Мұндай практикалық сабақтар болашақ мамандардың кәсіби дайындығын тереңдетіп, техникалық бағыттағы білімдерін нақты тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді.