ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҮШ ЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі, Корея Республикасының Седжонг университеті және Халықаралық «Global Sapa» академиясы арасында стратегиялық серіктестікті нығайту, халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында үш жақты әріптестік меморандумына қол қойылды.
Бұл келісім халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, білім беру бағдарламаларын интернационалдандыруға, заманауи инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізуге және студенттер мен оқытушылардың академиялық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар келесі басым бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға келісті:
Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Ассоциацияланған бакалавриат модельдерін (2+2, 3+1) және қос дипломдық бағдарламаларды енгізу.
Оқытушылардың тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыру бойынша бірлескен курстар мен бағдарламаларды іске қосу.
Педагогтер мен студент жастар арасында оффлайн және онлайн (ZOOM платформасы арқылы) форматында ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
Жаңа технологиялар бойынша оқу орталықтары мен зертханалар ашу (VR/AR, Smart Factory, робототехника, цифрлық жобалау бағыттарында).
Бұл келісім – халықаралық аккредитация стандарттарына сай жоғары сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға, академиялық алмасу мен ғылыми-зерттеу бастамаларын дамытуға, сондай-ақ технологиялық трансфер орталықтарын құруға бағытталған маңызды бастама болды.
Үш тараптың өзара серіктестігі — кәсіби білім беруді халықаралық деңгейге көтерудің және Қазақстандағы білім кеңістігінің жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуы деп білеміз.
