АШЫҚ САБАҚ: АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОЛИТ ТЫҒЫЗДЫҒЫН ӨЛШЕУ
Арнацы пән оқытушысы Садықова Айгерім Шахзадақызы АК-9-12г оқу тобында «Аккумуляторлық жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау» пәнінен тәжірибеге бағытталған ашық сабақ өткізді.
Зертханалық жұмыс кезінде ареометр құралын пайдалана отырып, аккумулятор электролитінің тығыздығын тәжірибе жүзінде өлшеп, көрсеткіштерді талдау мен реттеу әдістерін үйренді. Әрбір студент аккумулятор батареяларының жұмыс қабілетін сақтау мен ұзақ пайдалану жолдарын тәжірибе арқылы түсінді.
Оқытушы сабақ барысында студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, техникаға ұқыпты қарауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше мән берді. Студенттер арнайы қорғаныш көзілдірігі мен қолғап киіп, зертханалық жұмысты қауіпсіз ортада орындады.
Мұндай тәжірибелік сабақтар жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлін айқындап, кәсіби шеберлігі жоғары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталады.
