3D МОДЕЛЬДЕУ – БОЛАШАҚ IT-МАМАНДАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде ВЕБ-9-14г тобында «Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге сервистік қызмет көрсету» пәнінен тәжірибелік сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер "Autodesk" бағдарламасында жұмыс жасап, компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларының сұлбаларын және 3D форматтағы макеттерін әзірледі.
Бұл тәжірибелік жұмыс студенттердің компьютер құрылғыларының құрылымын терең түсінуіне, техникалық сызбалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруіне және 3D модельдеу құралдарын кәсіби деңгейде меңгеруіне бағытталды.
Әрбір студент өз жобасын жасап, оны үшөлшемді кеңістікте бейнелеу арқылы практикалық қабілеттерін көрсетті. Мұндай сабақтар болашақ IT-мамандарының шығармашылық ойлауын, логикалық талдау қабілетін және техникалық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі цифрлық дәуірде 3D модельдеу технологиялары тек дизайнерлік немесе инженерлік бағыттарда ғана емес, ақпараттық жүйелер мен сервистік қызмет көрсету саласында да маңызды орын алады.
