• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.10.2025
  • 4

«ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕР МЕН АРДАГЕРЛЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде «Ерлік даңқы өшпейді» тақырыбында студенттер мен ардагерлердің кездесу кеші өтті.
Кешке Қазақстан Республикасының теміржол саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан Алмағанбетов Ниязбай, Төремуратов Жаңабек ағалар және 15 жыл бойы сауыншы болып еңбек еткен Сармырзаева Гүлсім апай арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Ардагерлер студенттермен ашық әңгіме жүргізіп, өздерінің еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Олар жастарды елін, жерін сүюге, еңбектің қадірін білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндеді.
Кеш барысында колледждің өнерпаз студенттері ардагерлерге арналған өлеңдер оқып, күмбірлеген күйлерін тарту етті. Студенттер қонақтарға өз сұрақтарын қойып, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға рухани серпіліс пен тәрбиелік әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылар: - “Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер” бөлімі