ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен
«Отан қорғаушы – 2025» облыстық сайысында жалпы командалық есепте Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің командасы III орын иеленді.
Оның ішінде:
«Отан қорғаушы – 2025» облыстық сайысының арқан тарту бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің командасы I орын иеленді.
«Отан қорғаушы – 2025» облыстық сайысының винтовкадан нысана ату бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің командасы III орын иеленді.
АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенті Мұратбаев Данияр II орын иеленді.
АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің Қанибайұлы Ғалымбек III орын иеленді .
Жалпы әскери қорғаныс жинағын плащ түрінде кию бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенті Жақас Аманхан III орын иеленді .
Жеңімпаз жігіттерімізді жұлделі орындарымен құттықтаймыз! Шығар тұғырлары әрқашан биік болсын!
