МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!
25 қазан - Республика күніне орай Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, Алаш зиялыларының жастарға арналған үндеуі көрініс түрінде қойылды.
Мереке қазақ биімен, патриоттық попурри күйлерімен, заманауи би және жүректі тербеткен «Көкке өрле» әнімен жалғасын тапты. Республика күніне арналған әсерлі өлеңдер оқылып, жас өнерпаздар көк туымызды биікке көтеру арқылы ел рухын асқақтатты.
Шара соңында барша қатысушылар «Атамекен» әнін бірге орындап, бірлік пен тәуелсіздіктің қадірін тағы бір мәрте сезінді.
