МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН
Республика күніне орай ДШ-9-15г оқу тобында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында студенттер еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдер туралы баяндамалар жасап, патриоттық өлеңдер оқыды, бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар пікірталас ұйымдастырылып, студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сабақ соңында белсенді қатысқан студенттер марапатталып, алғыс білдірілді. Тәрбие сағаты студенттердің елге деген сүйіспеншілігін арттырып, бойларында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.
Топ жетекшісі: Төлемісов Б.А.
