• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.10.2025
  • 4

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі барша қазақстандықтарды ұлт тарихындағы айрықша мереке – 25 Қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, елдігіміздің бастауы болған ерекше күн. Республика күні – тек мереке емес, ол – әр азаматтың бойындағы отансүйгіштік рухты, елге деген сенімді, жауапкершілікті сезіндіретін күн.
Біз егемен ел болып, өз жолымызды қалыптастырдық.
Бүгінгі таңда Қазақстан – бейбітшілік пен келісімді ту еткен, дамуға бет алған мемлекет.
Бұл мереке – баршамызды бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақыратын күн. Өйткені Республика деген – әрбір қазақстандықтың ортақ үйі, ортақ тағдыры.
Еліміз аман, жеріміз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
Әрбір отбасының шаңырағында бейбітшілік пен береке орнасын! Жастарымыздың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен сенім нық болсын!