• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.10.2025
  • 5

ҚАЗАҚ ЕЛІ – МЕНІҢ ОТАНЫМ!

25 қазан – Республика күніне орай ҚД-9-15 оқу тобында «Қазақ елі – менің Отаным!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихын түсіндіру, 25 қазан – Республика күні мерекесінің мәні мен маңызын ашу, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсаттары негізге алынды.
Студенттер шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеу, мемлекеттік рәміздерге, Конституция мен заңдарға құрмет сезімін дамыту, ұлттық бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу бағытында мазмұнды ойларымен бөлісті. Жалынды жырлар оқылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттап, жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыру, елдің дамуына өз үлесін қосуға ынталандыру тақырыптарында пікір алмасты.