«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ
25 қазан — Республика күніне орай Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 1-курс студенттері арасында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты әскери-спорттық сайыс 22 қазан күні ұйымдастырылды.
Сайыс жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, елін, жерін қорғауға дайын азамат ретінде қалыптасуына бағытталды. Әскери дайындық элементтері мен спорттық жарыстарды қамтыған сайыс қатысушылардың ептілігі мен бірлігін, төзімділігі мен жігерін сынады.
Сайыс нәтижесі бойынша:
1 орын — БҚ-9-15г оқу тобы;
2 орын — ЕТ-9-15г оқу тобы;
3 орын — ИНФ-9-15г оқу тобы жеңімпаз болып танылды.
Ұйымдастырушылар: Н. Тәжібаев, Ә. Нұрмағамбетов
