• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.10.2025
  • 6

КӘСІПТІК БІЛІМ – КӘСІПКЕРЛІК БАСТАУЫ

Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 22 қазан күні «Кәсіптік білім – кәсіпкерлік бастауы» атты мотивациялық кездесу өтті. Шараға колледж студенттері мен оқытушылар қатысты.
Кездесуде жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырып, табысты кәсіпкерлердің тәжірибесі арқылы мотивация беруді көздеді. Кәсіптік білімнің өмірде қолданылу жолдары мен бизнеске алғашқы қадам жасаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараға қонақтар ретінде:
 Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы – Ибрагимова Жанар Амзеевна;
 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшысы – Қасымжан Мадина Қасымжанқызы;
 Жеке кәсіпкер – Сексенова Жадырагүл Ербозымқызы;
 «Баланс+консалтинг» қызмет көрсету орталығы ЖШС директоры – Баймаханова Ақтолқын Абиласановна;
 Халықаралык «ORDA» жоғары колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары – Кунакбаева Арайлым Сагындыковна
 Халықаралык «ORDA» жоғары колледжінің директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары – Бекенова Айнур Ерталаповна қатысты.
Кездесу барысында қонақтар өз кәсіпкерлік тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жетудің қыр-сыры мен қиындықтарын ашық әңгімеледі. Студенттер үшін бұл кездесу тек ақпарат алмасу емес, нақты өмірден алынған табысты оқиғалар арқылы сенім мен жігер сыйлаған мотивациялық сабақ болды.
Сондай-ақ, қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту жолындағы мемлекеттік қолдау, бизнес ашудың алғашқы қадамдары, бизнес-жоспар құру және қаржылық сауаттылық тақырыптарында пайдалы кеңестер алды.
Кездесу соңында студенттер кәсіпкерлерге өз сауалдарын қойып, кәсіби даму мен жеке бизнесті бастауға қатысты ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырушылар - Токатова Жанат Еркуатовна,
Телбаева Индира Дауренбековна