ХАБАРЛАНДЫРУ!
5 қараша күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 1-курс білім алушылары арасында дәстүрлі «Autumn Art Fest – 2025» атты күзгі бал кеші өтеді.
Күздің әсем сәнін, шығармашылық пен шабытты біріктіретін бұл кеш төрт кезеңнен тұрады:
I кезең – “Autumn Art Fest – 2025” таныстыру бейнебаяны.
Әр топ өздерін 3-4 минуттық креативті видеоролик арқылы таныстырады.
II кезең – “Күзгі vibe” өнер байқауы.
Ән, би, көркемсөз, театрландырылған қойылым немесе пародия – бәрі өз таңдауларына байланысты (3–7 минут)
III кезең – “Moment of Magic” күзгі дефиле.
Қатысушы жұптар заманауи күздік сән үлгісін сахнада паш етеді. (3–5 минут)
IV кезең – “Sweet Autumn” көрмесі.
Көкөніс, жеміс-жидек, нан өнімдері мен басқа материалдардан жасалған қолөнер композицияларын ұсынуға болады.
Толығырақ ақпаратты +7 777 047 8969 номеріне хабарласып біле аласыздар
