БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде "Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар" бөліміне қарасты бірінші курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу өтті.
Жиналыс барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Г.М. алғы сөз сөйлеп, студенттердің сабаққа қатысуы мен колледждің ішкі тәртіп ережелері туралы ақпарат берді.
Колледж инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізгі баптары жөнінде түсіндірме жүргізді.
Оқу бөлімінің меңгерушісі Фазылова Г.М. студенттердің сабаққа қатысуы мен бағалау критерийлерімен таныстырды.
Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртібі, оқу процесі және оқу ақысы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, колледж психологы Асанова Д.Қ. студенттермен жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыстар жайында айтып, ата-аналардың пікірлерін тыңдады.
«Бірлескен жұмыс – бала болашағына берік негіз» тақырыбында өткен жиналыс ата-ана мен колледж арасындағы өзара серіктестіктің маңыздылығын айқындап, білім алушының жан-жақты дамуына ортақ жауапкершілікті күшейтті.
