«ORDA МАРАФОНЫ – 2025» ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттердің салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығын нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «ORDA МАРАФОНЫ – 2025» атты жүгіру жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс түрлері мен қашықтықтары:
3 км – жартылай марафон (1–4 курс студенттері арасында)
1 км және 500 м – скандинавиялық жүріс (спорттық жастағылар үшін)
595 м – эстафета (жүйріктер мен спорттық командалар арасында)
Колледждің барлық оқу топтарынан студенттер белсене қатысып, өздерінің физикалық дайындықтарын, шыдамдылығын және намысын көрсетті. Әрбір қатысушы мәре сызығына жету жолында жігерін сынап, спорт пен бірліктің шынайы үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ер балалар арасынан:
3-орын – Шағдар Жанир (ДШ-9-15г тобы);
2-орын – Камаладин Нұрислам (АК-9-14г тобы);
1-орын – Бақытжанов Ақдәулет (ВЕБ-9-13г тобы) иеленді
Қыздардан:
3-орын – Пернебек Жансұлу (БК-9-15г);
2-орын – Мейрамбек Инабат (БК-9-15г)
1-орын – Онболат Анель (ВЕБ-9-15г) жеңіске жетті.
Жеңімпаздарға марапаттар табысталып, барлық қатысушыға алғыс білдірілді.
Ұйымдастырушылар - «Дене тәрбиесі және ЖБП» бөлімі.
