«QAZAQGAZ ONIMDERI» ЖШС ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Халықаралық «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ "2025 жыл — ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ" аясында еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін дәріптеу және студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға «QAZAQGAZ ONIMDERI» ЖШС ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ өкілдері арнайы шақырылып, студенттермен мазмұнды кездесу өткізді.
Қонақтар қатарында:
ҚҰЛМҰРАТОВ АСҚАР АЛМАШҰЛЫ – жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженер
ЖАЛҒАСОВ ЖАЗЫҚБАЙ ТӨРЕХАНҰЛЫ – бас инженер
ЖАРМЕНОВ АЙДОС ҚУАНЫШҰЛЫ – ИТиТК инженері
СҮЙЕУОВА МАДИНА МАРАТҚЫЗЫ – кадрлар жөніндегі маман болды.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысшы мамандықтарының ел дамуы мен өндіріс саласындағы маңызын кеңінен түсіндірді.
Студенттер Алиакбар Аслан, Серікбай Дінмұхамед, Жақас Аманхан өзекті сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысып, кәсіби тұрғыдан пайдалы ақпарат алды.
Іс-шара еркін пікір алмасу және сұхбат форматында өтті. Студенттер мамандық таңдаудың маңыздылығын сезініп, еңбек адамының қоғамдағы орнын жоғары бағалады.
Мұндай кездесулер жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және кәсіби жетілуге ынталандырып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуларына зор әсер етеді.
