ЖҮЙЕЛІК БЛОКТЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ЕТ-9-34г оқу тобының студенттері «Компьютерді құрастыру үшін компоненттерді таңдау» пәнібойынша өткен тәжірибелік сабақта жүйелік блоктың ішкі құрылымымен жеке-жеке танысты.
Сабақ барысында студенттер дербес компьютердің жұмыс істеу принципін, оның ішінде пәрмендердің сигнал арқылы жүйелік блоктың ішкі құрылғыларына қалай жеткізілетінін, сондай-ақ әр құрылғының атқаратын нақты қызметін жан-жақты талдап өтті.
Практикалық бөлімде студенттер:
жүйелік блоктың негізгі элементтерімен — аналық плата, процессор, жедел жад (RAM), қатқыл диск (HDD/SSD), қорек көзі (Power Supply), бейне карта және салқындату жүйесімен танысты;
құрылғылардың өзара байланысын түсініп, компьютерді дұрыс құрастыру кезінде компоненттердің сәйкестігі мен техникалық сипаттамаларын ескерудің маңызын үйренді;
жаңа буынды компьютер немесе қосымша құрылғы таңдағанда нені ескеру керектігі жөнінде нақты тәжірибелік білім алды.
Бұл тәжірибелік сабақ студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, заманауи компьютерлік техниканы жинақтау және конфигурациялау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
