• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.10.2025
  • 4

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі жатақхана студенттері ер жігіттері арасында дәстүрлі футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Студенттердің денсаулығын нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ олардың икемділігін, жылдамдығын және шапшаңдығын арттыруға бағытталған жарысқа жастар қызығушылықпен белсене қатысты.
Додаға 3 команда қатысты.
 Жарыс қорытындысы бойынша:
 1 орын – «Жастар» тобы;
 2 орын – «Достық» тобы;
 3 орын – «Жалын» тобы иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар жатақхана ішінде ерекше қошеметке ие болып, өзара жылы тілектер мен құттықтаулар білдірілді.
Іс-шараны ұйымдастырған тәрбиеші Абдукамалова Нұргүл Оразбайқызына алғысымызды білдіреміз!
Мұндай спорттық шаралар студенттер арасындағы бірлікті арттырып, колледж өмірін қызықты әрі мәнді етеді.