АВТОКӨЛІКТІҢ ІШТЕН ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫН БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
алықаралық «ORDA» жоғары колледжінің техникалық және жаратылыстану бағытындағы оқу-өндірістік орталығында (ТЖО) тәжірибелік сабақтар жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Осыған орай, АК-9-93Г тобының студенттері кәсіби тәжірибе барысында автокөліктің іштен жану қозғалтқышын бөлшектеу және қайта жинау бойынша практикалық жұмыс орындады. Студенттердің теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдану, техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін терең меңгеру және мамандыққа деген кәсіби дағдыларын жетілдіруді мақсат еткен сабақ, тәжірибе толы болды.
Тәжірибе барысында студенттер қозғалтқыштың құрылымдық элементтерімен, олардың өзара байланысымен және жұмыс реттілігімен танысып, әрбір тетіктің қызметін тәжірибе жүзінде талдап үйренді.
Сабаққа жетекшілік еткен — Закиров Нурдаулет Бауржанович, тәжірибелі оқытушы және өндірістік оқыту шебері. Ол студенттерге қозғалтқышты бөлшектеу мен жинау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, дәлдік пен ұқыптылыққа мән беру қажеттігін ерекше атап өтті.
Осындай тәжірибелік жұмыстар студенттердің кәсіби шеберлігін арттырып, болашақта өз мамандығы бойынша сенімді әрі білікті маман болып қалыптасуына негіз қалайды.
