ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТТЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде елжандылық пен отансүйгіштік рухында тәрбиелеуді мақсат еткен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің дәстүрлі ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болып табылады.
14 қазан күні өткен салтанатты шара барысында 1-курс студенттері Отан алдындағы адал қызметке ант беріп, еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғауға дайын екендіктерін білдірді. Ант қабылдау – жас сарбаздар үшін ерекше рухани сәт, олардың өміріндегі үлкен жауапкершілік пен азаматтық борыштың бастамасы.
Іс-шара барысында колледж әкімшілігі мен жетекшілер жас сарбаздарға өз тілектерін білдіріп, патриотизм мен елге деген сүйіспеншіліктің маңызын атап өтті. Ант қабылдау рәсімі жастардың бойында құндылықтарға адалдықты, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге үлгі боларлық тәрбиелік мағынасы зор іс-шара ретінде өтті.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің жетекшілері – Н. Тәжібаев пен Ә. Нұрмағамбетов жас буынды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, ел игілігі жолында қызмет етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бұл дәстүрлі ант қабылдау рәсімі – болашақ ел қорғаны болатын жастардың өміріндегі ерлікке, елге адалдыққа бастайтын алғашқы қадамы.
