• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.10.2025
  • 4

АТА-АНА, БАЛА ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ ҮШ ТІРЕГІ

9 қазан күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде оқу-тәрбие процесін жетілдіру және білім сапасын арттыру мақсатында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрпейісов Б.А. ашып, студенттердің сабаққа қатысуы мен тәртіп ережелерінің сақталуы туралы баяндама жасап, жастардың жауапкершілігі мен оқу мотивациясын арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.
Колледж инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізгі баптары жөнінде түсіндірме берді.
Бекенова А.Е., директордың кәсіптік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Бітіруші түлектердің болашағы: оқу мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, кәсіби бағдар мен жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар білдірді.
Сейтжанов А.С., халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасар, «Халықаралық серіктестік – сапалы білім кепілі» тақырыбында сөйлеп, шетелдік оқу орындарымен әріптестіктің артықшылықтарын атап өтті.
Психолог Асанова Д.Қ. студенттерге оқу мен өмірде қиындық туындаған жағдайда Психологиялық қолдау орталығына жүгінуге болатынын айтып, ата-аналарды балаларға эмоционалды қолдау көрсетуге шақырды.
Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг бөлімі және Мансап орталығының әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы бітіруші түлектердің ата-аналарына кәсіби бағдар бойынша кеңес беріп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында ата-аналардың да ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оқу орны мен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған мазмұнды әрі нәтижелі әңгіме өрбіді.