• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.10.2025
  • 6

TURCICSKILLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ – АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА

Ақтау қаласында TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетіп келеді. Бұл беделді додаға Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан және еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар жиналып, кәсіби біліктіліктерін сынауда.
Қызылорда облысының делегациясы да аталмыш чемпионатқа белсенді қатысуда. Делегацияны Қызылорда облысының білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы Төленова Жанар Биназарқызы бастап келді.
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінен чемпионатқа директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Тажикова Гүлшара Дүйсенбайқызы қатысып, кәсіби шеберлік бағытындағы тәжірибе алмасу алаңында өз үлесін қосуда.
Биылғы чемпионат 10 құзырет бойынша өтуде. Қатысушылар халықаралық стандарттарға сай дайындалған тапсырмалар арқылы өз елдерінің намысын қорғап, кәсіби шеберліктерін паш етуде.
TurkicSkills чемпионаты – техникалық және кәсіптік білім саласындағы инновацияларды дамытуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.