«ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ» ЖАРЫСЫ
8 қазанда «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ полигонында ЭЛ-9-13г оқу тобы студенттері арасында «ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ» атты байқау ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және өз ісінің үздік мамандарын анықтау. Сонымен қатар, бұл шара Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2018–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.
Байқау барысында қатысушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нақты өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындап, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Жарысқа «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ инженер-инспекторы Утепов Ержан Сержанович бас сарапшылық жасады.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен студенттер төмендегідей марапатталды:
1 ОРЫН – Қожа Рамазан Жарасұлы, жетекшісі - Еримбетов Айдос Сексенбаевич;
2 ОРЫН – Бахытжанұлы Бексұлтан, жетекшісі - Кунакбаева Арайлым Сагындыковна;
3 ОРЫН – Мырзағұл Нұрдаулет Ердаулетұлы, жетекшісі Еримбетов Айдос Сексенбаевич;
3 ОРЫН – Айқожаев Нұрсұлтан Рысқұлұлы, жетекшісі Қожасбаева Гаухар Ибаділдақызы.
Барлық қатысушылар жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп, өз мамандығына деген зор қызығушылығын дәлелдеді.
ЭЛ-9-13Г оқу тобының студенттерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Оқу орнымыздың мақтанышына айналған жастарға кәсіби жолдарында толағай табыстар тілейміз!
Ұйымдастырушылар - Еримбетов А.С., Кунакбаева А.С., Қожасбаева Г.И.
