• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 07.10.2025
  • 2

«КІТАП ПА, КИНО МА? ҚАЙСЫСЫ МАҢЫЗДЫ?» АТТЫ ПІКІРТАЛАС ӨТТІ

Бүгін Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған «КІТАП ПА, КИНО МА? ҚАЙСЫСЫ МАҢЫЗДЫ?» атты біріккен танымдық шара өтті.
Шара жастарды кітап оқуға ынталандыру, көркем шығарманың тәрбиелік, танымдық маңызын айқындау және кино мен әдебиеттің адам санасына әсерін салыстыра отырып, олардың рухани дамудағы рөлін талқылауға бағытталды.
Пікірталас барысында студенттер мен оқытушылар екі бағытта өз көзқарастарын білдіріп, кітап пен киноның қоғамдағы орны туралы қызу пікір алмасты. Кітаптың ой ұшқырлығын, тіл байлығын арттырып, қиял әлемін кеңейтетінін айтқан қатысушылар, сонымен қатар, киноның да әсерлі көрініс, эмоциялық ықпал арқылы ой салу мүмкіндігін атап өтті.
Кездесу жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Шара соңында белсенді студенттер мен пікір білдірген қатысушыларға алғыс білдірілді.