• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.10.2025
  • 1

"ҚОНАҚ ДӘРІСІ" А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінде оқу үдерісінің бір бөлігі ретінде ауқымды іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Солардың бірі – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған дәстүрлі «Қонақ дәрісі».
Аптасына екі мәрте ұйымдастырылатын бұл дәріс студенттердің ғылыми көзқарасын кеңейтіп, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Кезекті қонақ дәрісін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы ғалым Аман Абасилов жүргізді.
Ғалым «А.Байтұрсынұлының қоғамдық, ағартушылық және ғылыми шығармашылығының Қызылорда кезеңі» тақырыбында терең мазмұнды дәріс оқып, ұлт ұстазының ғылыми және саяси қызметінің аймақтық ерекшеліктері туралы кеңінен баяндады.
Кездесу барысында студенттер ұлт руханияты мен ғылымындағы А.Байтұрсынұлы мұрасының маңызын түсініп, оның ағартушылық жолының заманауи мәні жөнінде тың ақпараттар алды.
Бұл бастама студенттердің ғылыми дүниетанымын арттырып, кәсіби өсуіне жол ашатын маңызды тәжірибе алаңы екені сөзсіз. Алдағы уақытта жоба аясында шетелдік ғалымдардың дәрістерімен де жалғасын табу жоспарлануда.