ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫ
Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінің құқықтану мамандығы бойынша білім алушы З-9-13 оқу тобының студенттері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнайы мамандар қабылдауында болды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен мағлұмат беру және кәсіби бағыт-бағдар қалыптастыру мақсатында өткен кездесу барысында Қызылорда облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Г. Есентай студенттермен ашық пікір алмасып, құқықтық қызметтің маңыздылығы, заң саласындағы заманауи өзгерістер мен жастардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдары жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар мен ұсыныстар алды.
Бұндай шаралар жиі ұйымдастырылса жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мамандыққа деген қызығушылығын тереңдетуге зор ықпал етеді.
