• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.10.2025
  • 1

ӘСКЕРИ БОРЫШ - АБЫРОЙ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

2025 жылдың 2 қазан күні Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінде Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің басшылығының қатысуымен студенттермен сұхбат және сұрақ-жауап форматындағы кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты жастардың Отан алдындағы борышын сезіну, патриоттық рухты қалыптастыру, әскери қызметтің мәні мен маңызын түсіндіру болды. Әскери бөлім өкілдері студенттерге сарбаз өмірінің қыр-сыры, әскери дайындық кезеңі, әскери қызметтің тәртібі мен тәрбиеге қосар үлесі жайында кеңінен әңгімелеп берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Әсіресе, жастар әскери өмірдің адам бойындағы тәртіп, төзімділік, батылдық пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыратынына ерекше тоқталды.
Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжі студенттерінің әскери-патриоттық бағыттағы дүниетанымын кеңейтуге үлес қосқан 5547 әскери бөлімінің басшылығына алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушы - Н.Тәжібаев, Ә.Нұрмағанбетов