• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 04.10.2025
  • 1

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ардақты ұстаздар қауымы!
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – шәкірт жүрегіне нұр құйып, өмір жолына бағыт-бағдар көрсететін шырақ. Сіздердің сабырларыңыз бен мейірімдеріңіз, жанкешті еңбектеріңіз арқылы талай жас өз орнын тауып, биік белестерді бағындырды. Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің төккен терлеріңіздің, сарқылмас күш-қуаттарыңыздың жемісі.
Бүгінгі қоғамда ұстаздың орны ерекше. Сіздер болашақты қалыптастырып қана қоймай, жас ұрпақтың арманын ұштап, ізгіліктің, парасаттың дәнін себесіздер. Бұл – ең жауапты әрі ең қастерлі міндет.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге береке, шәкірттеріңіздің толайым табыстарын тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісі сіздерді әрдайым қуанышқа бөлеп, өмірлеріңіз бақытқа толы болсын!