• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 01.10.2025
  • 1

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Халықаралық ORDA жоғарғы колледжінде И-9-15г оқу тобының студенттер қарттарға құрмет көрсетуге арналған тағылымы мол шара өткізді.
Студенттер Қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдармен сұқбаттасып, тәттілерін ұсынып, батасын алды. Жастардың жүрегінде ізгілік ұялатып, көңілдеріне мейірім шуағын сыйлаған бұл кездесудің әр сәті бейнежазбаға түсіріліп, кейін оқу тобында көрсетілді. Көрген әрбір студент өз әсерін жүрекпен жеткізіп, қарттарға деген құрметтің – мәңгілік парыз екенін сезінді.
Ізгілікке толы шараларының соңы колледж қабырғасында тәрбие сағатымен жалғасын тапты. Тәрбие сағаты барысында студенттер қарттарға деген ілтипат пен ізет жайлы өлеңдер оқып, Қарттар күніне байланысты сұрақ-жауапқа қатысты. Халқымыздың асыл мұрасындай мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар айтылып, әсерлі әңгіме-дүкен өрбіді. Жастар өз ата-әжелері туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, ақ тілектерін арнады.
Шараның өнегелі түйіні – қарттарды қадірлеу әр азаматтың ең үлкен борышы екені айқын насихатталды. Нәтижесінде студенттер бойында мейірімділік, жанашырлық, үлкенге құрмет сияқты адамгершілік құндылықтар артып, отбасы мен ұлттық тәрбиенің мәні терең ұғындырылды.
Топ жетекшісі - Л.Елімбетова