• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.09.2025
  • 1

«QAZAQSHA QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Kitap Time – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі биылғы жылы «Алаштың анасы, бақыттың қаласы – Қызылорда» тақырыбында қала орталығында кең көлемде өтті. Фестиваль аясында түрлі облыстардан әкелінген кітап көрмелері, кітап жәрмеңкелері және көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Осы ауқымды шараның бір бөлігі ретінде Қызылорда қаласындағы орта кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «QAZAQSHA QUIZ» атты зияткерлік ойын өтті. Үш кезеңнен тұрған сайыс барысында әр топ сұрақтарға жауап беру арқылы білімін, тапқырлығын және ой-өрісін сынға салды.
Байқауға колледж атынан «ОRDA жастары» тобы қатысып, ерекше белсенділік танытты. Топ құрамында ҚТ-9-15г оқу тобының студенті Байұзақ Гүлсезім, ШТ-9-15г оқу тобының студенті Бақберген Сая және АҚ-9-35г оқу тобының студенті Кенжебек Дінислам болды. Жас зияткерлер өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде «ОRSA жастары» тобы мен олардың жетекшісі Жусупова Бота Мәлікқызы Қызылорда қалалық Мәдениет бөлімінің алғыс хатымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Бұл жетістік студенттеріміздің білімге, өнерге және шығармашылық ізденіске деген ынтасының айқын дәлелі болып табылады.