• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.09.2025
  • 1

ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК СЕМИНАРЫ ӨТТІ

25 қыркүйек күні Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған оқу-тәрбие процесіне байланысты семинар өтті.
Колледж әкімшілігі жас ұстаздардың педагогикалық тұрғыдан қалыптасуына, кәсіби іскерлігін жетілдіруіне және тәжірибе жинақтауына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл басында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету жоспары бекітіліп, тәлімгер-педагогтар тағайындалған болатын. Бүгінгі таңда колледжде 14 жас маман еңбек етуде.
Семинар барысында:
 Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Тажикова «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуі тиіс міндетті құжаттары» тақырыбында баяндама жасап, сабақ жоспарын құрастыру және оқу сабағының құрылымы жөнінде әдістемелік ұсынымдар берді.
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кунакбаева «Практиканы ұйымдастыру мен өткізудің қадамдары» тақырыбында өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені жоспарлау мәселелерін түсіндірді.
 Оқу бөлімінің меңгерушісі Р.Елемесова және колледждің ІТ маманы С.Сейліханов «College SmartNation – техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталында журнал жүргізу ережелері» бойынша нұсқаулықтар берді.
Семинарда сабаққа дайындық кезеңдерінің ерекшеліктері, әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, жаңа технологияларды сабақ үрдісіне енгізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері де жан-жақты қарастырылды.