• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.09.2025
  • 1

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ

24 қыркүйек күні Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінде «Ерте жүктілікті болдырмау жолында жастарға бағыт-бағдар беру» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізілді. Шараға №1 қалалық емхананың ВОП дәрігері Нұрлыбекова Айгерім Самалбекқызы мен психологы Ермаханова Манат Телгараевна, сондай-ақ колледж мейірбикесі С. Килибаева және педагог-психолог Д.К. Асанова қатысып, жастарға жан-жақты ақпарат берді.
Дәрігер Айгерім Нұрлыбекова ерте жүктіліктің жас организмге тигізетін физиологиялық және психологиялық зияны жөнінде баяндап, жыныстық сауаттылықтың маңызы мен контрацепция әдістері туралы түсіндірді. Ол студенттерді репродуктивті денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және жауапты шешім қабылдауға шақырды. Психолог Манат Ермаханова өз сөзінде ерте жүктіліктің жасөспірімнің психологиялық дамуына кері әсерін айта келе, күйзеліс, қоғам тарапынан болатын қысым және болашаққа деген сенімсіздік сезімдерінің жастарға ауыр психоэмоционалдық жүк түсіретінін атап өтті. Ол студенттерді өзін-өзі бағалауды арттыруға, сенімді болуға және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгінуге үндеді.
Сонымен қатар, колледж мейірбикесі С. Килибаева жыныстық қатынастың салдары мен ерте жүктіліктің ағзаға тигізетін әсері туралы айтып, жүктіліктің алдын алу әдістері жөнінде нақты ақпарат берді. Ал колледж психологы Д.К. Асанова жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда ойланып әрекет етуге, ішкі күйзеліс пен қысым жағдайында ата-ана, ұстаз немесе психологпен ашық сөйлесуге шақырды.
Мамандар кеңесі жастардың ерте жүктіліктің салдары туралы түсінігін кеңейтіп қана қоймай, олардың өзін-өзі тану, құрметтеу, жауапкершілік пен жеке шекарасын сақтау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.