• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.09.2025
  • 1

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Халықаралық ORDA жоғарғы колледжінде 1-курс ер балаларымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында бопсалау, әлімжеттік, ұйымдасқан қылмыстар, буллинг, лудомания және нашақорлық сынды жастар арасында жиі кездесетін келеңсіз әрекеттердің салдары, олардың болашаққа тигізер зияны кеңінен түсіндірілді.
Шараға колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Нұрпейісов және Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры М. Нағашыбаев қатысты.
Маман иелері студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтіп, заңға қайшы әрекеттердің қылмыстық-құқықтық жауапкершілікке әкелетінін нақты мысалдар арқылы жеткізді. Сонымен қатар, жастарға салауатты өмір салтын ұстану, өз ортасында сыйластық пен жауапкершілікті арттыру қажеттілігі жөнінде құнды кеңестер берілді.