• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.09.2025
  • 2

ОТБАСЫЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ

Халықаралық ORDA жоғары колледжінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелердің алдын алу мақсатында «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте жүктілік және қылмыстық-құқықтық жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді.
Шараға колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімшесінің инспекторлары – полиция капитаны Бурханова Бәкізат және полиция лейтенанты Серікқызы Арайлым, колледж мейірбикесі Килибаева Сара қатысты.
Кездесу барысында мамандар отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу жолдарына тоқталып, студенттерге ерте жүктіліктің жеке өмірге, денсаулыққа және болашақ жоспарларға тигізетін салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің заңнамалық негіздері түсіндіріліп, жастарға құқықтық тәртіпті сақтау мен жауапкершілікті сезінудің маңызы атап өтілді.
Мұндай ақпараттық шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың өмірлік дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.