• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.09.2025
  • 1

СТУДЕНТТЕР “ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДАН” ӨТУДЕ

02 қыркүйек – 15 қараша 2025 жыл аралығында Халықаралық ORDA жоғары колледжінің ББ-9-13г оқу тобы дуалды оқыту жүйесі аясында “Өндірістік оқытудан” өтуде. Өндірістік тәжірибе "Orda school" білім беру мекемесінде ұйымдастырылып отыр.
Дуалды оқыту жүйесінің басты мақсаты – теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және болашақ маман ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жағдай жасау.
17 қыркүйек күні 1 «А» сыныбында ББ-9-13г оқу тобының студенті Тоғызбай Аяулым математика пәнінен «6 саны мен цифры» тақырыбында сабақ өткізді. Машықтанушының сабағы жетекшілерінің көңілінен шықты. Бұл студенттің кәсіби тәжірибесін нығайтып, педагогикалық қабілеттерін дамытуға бастама болды.
Өндірістік тәжірибе барысында студенттердің кәсіби дамуын өндірістік тәлімгер Есенаманова Жанат қадағаласа, оқу тобының жұмыс барысына топ жетекшісі Әлібаева Айгүл жетекшілік етуде.
Осындай жүйелі іс-тәжірибелік оқыту студенттердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ еңбек жолына нық қадам басуына мүмкіндік береді.